Ақтөбе облысы Алға ауданының Бестамақ ауылындағы «Ақтөбе» медресе-колледжінде 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.
Талапкерлерден арнайы құрылған комиссия төрағасы ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет, комиссия мүшелері Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин, Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы емтихан қабылдады.
Биылғы жылдың оқуы жоспары бойынша 110 талапкер қабылданады. Олар 9 сыныптан кейін 50 ер, 40 қыз бала болса, ал 11 сыныптан кейін 10 ер, 10 қыз бала тест және шығармашылық емтиханнан тапсырып, аталған оқу орнының шәкірті атанады.
Емтихан барысында бірінші – қазақ тілі, тарих, география пәндерінін арнайы компьютер арқылы тест тапсырса, екінші – комиссия мүшелері алдында шығармашылық емтиханнан өтті.
Айта кетсек, әділқазы мүшелерінің мәлімдеуінше, жалпы талапкерлердің білім деңгейі өткен жылмен салыстырғанда жоғары.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
23.08.2024
1724
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру