Таразда ҚМДБ-ға қарасты «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне 2024-2025 оқу жылына талапкер қабылдау емтиханы өтті.
ҚМДБ діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев (комиссия төрағасы), Жамбыл облысының бас имамы, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің директоры Бейбіт Әліпбекұлы, Уағыз-насихат бөлімінің маманы Әбу Қазыбек үміткерлерден емтихан қабылдады.
Айта кетейік, «Һибатулла Тарази» медресе-колледжіне 2024-2025 оқу жылына 56 талапкер құжат тапсырды. Қабылдау комиссиясының мүшелері үміткерлерді арнайы билет бойынша сынақтан өткізіп, ең үздік нәтиже көрсеткендерді таңдап алатынын жеткізді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
23.08.2024
1726
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру