Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«АСТАНА» МЕДРЕСЕСІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

muftyat.kz 23.08.2024 2266 0 пікір
«АСТАНА» МЕДРЕСЕСІ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

Елордадағы «Астана» медресе-колледжінде 2024-2025 оқу жылына Исламтану мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдау емтиханы өтті.

Емтиханға келген үміткерлерге ҚМДБ Төрағасының орынбасары Кенжеәлі Қоңыратбайұлы насихат айтып, ақ батасын берді.

Сондай-ақ комиссия наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы бастаған комиссия құрамында медресе-колледж директоры Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Жаңабай Маратұлы, хатшы Ханағат Харжаубай болды.

Биылғы оқу жылына 86 үміткер құжаттарын тапсырып, оның ішінде 46 ер, 40 қыз емтиханға кірді. Емтихан қорытындысы бойынша 27 қыз бала және 39 ер бала оқуға қабылданды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру