Алматыдағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінде 2024-2025 оқу жылына қабылдау емтиханы өтті.
Жалпы білім жəне орта білім негізінде құжат тапсырған талапкерлердің арнайы шығармашылық емтиханын ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, медресе-колледж директоры Құлмұхамет Маханбет пен ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің маманы Қазыбек Абу өткізіп, талапкерлердің мамандық ерекшелігін ескере отырып, білім деңгейін анықтады. Жалпы білім бойынша Исламтану мамандығына емтихандар Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігінің ережелеріне сай ашықтықпен өтті. Мамандық ерекшелігі ескеріліп, талапкерлердің діни таным деңгейі, болмыс нанымына басымдық берілді.
Негізгі білім бойынша алпысқа жуық талапкерлердің арасынан білімді талапкерлер емтихан сұрақтарынан сүрінбей өтіп, студент атануға мүмкіндік алды. Ал елордадан арнайы келген ҚМДБ Діни білім жəне кадр даярлау бөлімі меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев талапкерлердің емтиханға жоғары дайындықпен келгеніне ризашылығын жеткізді.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
abu-hanifa.kz
23.08.2024
2391
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру