Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: QAMQOR-SHARAPAT Орталығының екі күндік семинары өтті

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 22.08.2024 1975 0 пікір
Маңғыстау: QAMQOR-SHARAPAT Орталығының екі күндік семинары өтті

Маңғыстау өңірінде QAMQOR-SHARAPAT орталығының екі күндік семинары өтті.

Жиынға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының QAMQOR-SHARAPAT орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, «Sharapat-Digital» ЖШС-ның директоры Е.Тойжанов, Ақтау қалалық дін істері басқармасы мен жергілікті зират әкімшілігінің мамандары, жергілікті мешіт қызметкерлері мен жамағаты, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысты.

Семинарда М.Қабылбекұлы Орталық көпшіліктің сұранысы негізінде бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен құрылып, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі қабылдаған "Зират және зиярат мәдениеті" құжаты негізінде жұмыс жасайтынын. Цифрландыру заман талабы екенін, биылғы жыл соңына дейін барлық облыс орталықтарындағы зираттарды цифрландыру және зираттар туралы деректерді орталықтандыру жоспарда екенін. Бұл бағытта Маңғыстау облысы жұмыстар атқарылып жатқан 11-ші аймақ екенін мәлімдеді.

Е.Тойжанов цифрландыру жұмыстары ҚМДБ-ның Уақып қоры мен "KazAeroSpace" мекемесі арасында жасалған меморандум негізінде жүргізіліп жатқанын, жыл соңына дейін еліміздің облыс орталығындағы зираттар цифрланып болғаннан кейін "JERLEU" жүктемесі іске қосылатынын айтты. Аталған жүктемеге қайтыс болған марқұмның қай зиратқа жерленгені, марқұмға құзырлы органдардан берілетін тиісті құжаттар, салттық қызметтер туралы нұсқамалар және киелі орындар туралы мәліметтер енгізілетінін түсіндіріп, бұл жұмыстарды өз мекемесінің есебінен тегін жасап жатқанын, келесі жылы зираттарды цифрландыру жұмыстары ел аумағындағы аудандар мен ауылдардыда қамтитынын жеткізіп, жиынға қатысушыларды цифрландыру жұмыстарына атсалысуға шақырды.

Жиынға қатысқан жергілікті органның мамандары цифрландыру жұмыстары заман талабы екенін атап, жобаның Маңғыстау өңірінде жүргізілуіне өз құзыреттері шегінде қолдау көрсететіндерін айтты. Семинарды қортындылаған бас имам Ә.Ізімбайұлы өз кезегінде қолға алып отырған бұл аса маңызды шаруа екендігін, цифрландыру жұмысына өкілдік тарапынан бірлескен шаралар атқарылатындығын жеткізді. Жиынға қатысқан еріктілер қорымға келгеннен кейін онда жатқан марқұмдарға арнайы Құран бағышталды. Еріктілерге зираттарды цифрландыру жұмыстары қалай жүргізілетінін «Sharapat-Digital» ЖШС-ның мамандары түсіндірді.

Сондай-ақ, Ақтау қалалық әкімдік ғимаратында қала әкімі аппаратының басшысы Асқар Қолғанатұлының төрағалық етуімен Орталықтың жұмыстарын таныстыру жиыны өтіп, бұл шараға жергілікті қоғамдық кеңес пен ардагерлер алқасының мүшелері, әкімдіктің бірнеше бөлімдерінің басшылары мен мамандары қатысты. Жиынға қатысушылар ҚМДБ-ның салттық қызметтер бойынша жасап жатқан игі бастамасын қолдайтындарын атап өтті. Жиын соңында А.Қолғанатұлы Ақтау қаласы маңынан жақында берілетін жаңа зираттың ішінен Орталыққа арнайы жер-секторлары бөлінетінін жеткізді.

Сонымен қатар, өңірдегі Қызылтөбе-2 ауылындағы Мұстафа мешіті мен Жаңаөзен қалалық Әбіш қожа мешітінің жанынан құрылыстары басталған Орталықтың салттық қызмет көрсету бөлімшелерінің жұмыстармен танысқан М.Қабылбекұлы өз кеңестерін бөлісті. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру