Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Ермек Қасболатұлы өкілдікке қарасты аудандарды аралау жоспары барысында еліміздің шығыс шекарасы – Шемонаиха ауданында болды.
Бас имам сапар аясында Шемонаиха ауданының әкімі Григорий Акуловпен кездесті. Ермек Қасболатұлы: «Шемонаиха ауданында өтетін рухани шараларға, Сіз әр уақыт көмек көрсетіп келесіз. Бұл дінімізге және ұлттық құндылықтарға деген үлкен жанашырлық. Қазіргі уақытта жат ағымдарға қарсы ұлттық құндылықтарды насихаттауға, асыл дініміздің рухани тағылымын танытуға басым назар аударып отырмыз» дей келе, Шемонаиха қаласында салынып жатқан мешіт және қайырымдылық мекемесінің кешенді құрылысының барысына тоқталып, бірқатар қатарлы ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кездесу барысында әкім аудандағы діни ахуал, имамдарды әлеуметтік қолдау туралы айтып өтті. Г.Акулов: «Ауданымызда діни ахуал тұрақты. Бұл саладағы мәселелерді мешітпен бірлесіп шешіп келеміз. Басты мақсатымыз еліміздің ішкі тұрақтылығының нығаюына үлес қосу. Дін саласындағы мемлекеттік саясаты нәтижелі жүзеге асыру біздің басты бағытымыз» деп айырықша атап өтіп, аудан көлемінде жүріліп жатқан рухани шараларға көңілі толатындығын жеткізді. Кездесуде аудан әкімі ең мешітпен қайырымдылық мекемесі кешені құрылысының салынуын назарда ұстап, барынша қолдау көрсететіндігін айтты.
Ермек Қасболатұлы аудан басшысына жан-жақты қолдауы үшін алғыс білдірді. Бұдан соң бас имам Шемонаиха қаласында салынып жатқан мешіт кешені құрылысымен танысты. Бұл ғимаратты салу жұмысы 2021 жылы наурызда басталған болатын. Көп кешікпей ел игілігіне берілгелі отыр. Бас имам мешіттің құрылыс шаруаларымен таныса келе, «Шекара шебіндегі ауданда әрі халықаралық маңызды күре жолдың бойына осындай ірі мешіт және қайырымдылық мекемесінің кешені салынып жатқандығы қуантарлық іс» деп атап өтіп, құрылысшылармен және демеушілермен кездесіп, пікірлесті.
Сапар аясында бас имам аудандық «Достық үйінде» қоғам белсенділерімен және ақсақалдармен кездесу жасап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау және жстар тәрбиесі хақында тұщымды насихат айтты.
Сонымен қатар қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалап, ұлттық бұйым жасаушылармен пікірлесті және бас имам аудандық мешітте жамағатпен кездесіп уағыз айтты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
furqan.kz
14.08.2024
2249
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру