Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан XIІІ республикалық байқауға Алматы қаласы бойынша іріктеу сайысы өтті.
Ардақты Елші Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», - деген.
Осылайша қасиетті Құран Кәрімнен XIІІ Республикалық жарысқа іріктеу сайысынан жүйріктер анықталды. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша 4 номинациядан ұйымдастырылды.
Іріктеу сайысының жеңімпаздары ХІІІ Республикалық Құран жарысына жолдамаға ие болды.
Мәнерлеп оқу :
1 - орын иесі Бақберген Жарқынбекұлы,
2 - орын Равшанбек Ражабмахмадұлы,
3 - орын Берік Асқарұлына бұйырды.
10 пара бойынша:
1 - орын иесі Нурифат Нұрмахаметұлы,
2 - орын Билал Нодирұлына,
3 - орын Дінмұхаммет Ділмұратұлына берілді.
20 пара бойынша:
1 - орын Юсуф Илашұлына,
2 - орын Суннат Низамиддинұлына,
3 - орын Диас Бақытұлына бұйырды.
30 пара бойынша:
1 - орын иесі Әбілхайыр Ералыұлы,
2 - орын Гиесжон Нематжанұлы,
3 - орын Мансұрхан Сарварханұлына бұйырды.
Жеңімпаздарға қаржылай сый-сыяпат көрсетілді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру