Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу: Бас имам қалалық мешіт жұмысымен танысты

Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі taglym.kz 20.07.2024 1691 0 пікір
Жетісу: Бас имам қалалық мешіт жұмысымен танысты

Жетісу облысының бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы Талдықорған қалалық «Жетісу» мешітінің жұмыс барысымен танысты.

Алдымен күндердің сұлтанында жамағатқа «Тектілік асыл қасиет және некенің берекеті» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді. Бас имам күрделі жөндеу өткен қалалық «Жетісу» мешітінің бас имамы Мадияр Қайратбекұлының ұйымдастырумен құлшылық орнының сыртқы-ішкі бөлігін, дәретхана, ғұсылхана сынды жаңартылған бөліктерін көріп шықты.

Одан әрі жаңадан бой көтеретін мешіт қатымханасының құрылыс жоспарымен танысты. Үлкендер бата беріп, ел игілігі жолындағы қызметке береке тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру