ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Павлолар облысы бойынша «Қайырымдылық жаршылары» еріктілерінің өңірлік семинары өтті.
Аталмыш шара «Терми» жастарды қолдау орталығында «Ерікті болу – өмір құндылығы» тақырыбында жүргізілді. Шараға арнайы қатысқан «QJ» Астана филиалының директоры Әли Әзімбекұлы еріктінің тұлғалық келбеті, қоғамдағы орны, атқаратын қызметі жөнінде баяндама жасады.
«Ерікті болудың қоғамдық жұмысқа белсенділікке, еңбексүйгіштік пен қайырымдылыққа талпындыратын оң әсері көп. Ел ішіндегі, қоғамдық ортадағы жұмыс болғандықтан сауапты һәм жауапты саналады» - деді Әли Әзімбекұлы. Сонымен қатар «Зекет және қайырымдылық» қорының аймақтық өкілі Қанат Алпысұлы волонтерлік жұмыстың қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Зекет және қайырымдылық» қоры
zeket.online
11.07.2024
1596
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру