Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Өңір имамдарының жиналыс өтті

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 10.07.2024 1277 0 пікір
ШҚО: Өңір имамдарының жиналыс өтті

ҚМДБ Шығыс Қазақстан облыстық өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарының жиналысы Күршім ауданы орталығында өтті.

Басқосуға өкілдікке қарасты қала, аудан имамдары қатысты. Алқалы жиында биылғы 6 айда атқарылған іс-шаралармен алдағы міндеттер талқыланды.

Жиында ШҚО басы имамы Ермек қасболатұлы: «Облысымыз бойынша діни ахуал тұрақты. Аудандарда өкілдіктің жылдық жоспары аясында іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ең бастысы уағыз-насихат және діни сауат курстарын жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар жамағаттардың бірлігіне және олардың діни сауаттылығына да барынша маңыз беру дұрыс» дей келе, жат ағымдармен күресу, жастарды түрлі жат әдеттерден сақтандыру шараларына баса мән беруді айтып өтті.

Сонымен қатар бас имам жиналысқа қатысушылармен аудандық және ауыл мешіттерінің қысқа дайындығы, мешіттердегі кадр тапшылығы жайлы шараларды талқылады.

Алдағы уақытта аудандар бойынша ЖАНТ жұмысын жандандыру, бес бағыт бойынша атқарылып жатқан шараларды барынша пәрменді ұйымдастыру мәселесін тапсырды.

Сондай-ақ діни қызметкерлерді дайындау, біліктілігін арттыру мақсатында курстар, семинарлар ұйымдастыру қолға алынатын болып шешілді. Бұл жұмысты ұйымдастыру барысында жергілікті атқарушы органмен тығыз байланыс ұстанып, кеңесіп шешу ұсынылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру