Жақында Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет және Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сабыржан Есмурзин Тобыл қаласына іссапармен барды.
Олар аудандық «Маңдай батыр» мешітінде жастармен кездесу өткізді. Онда қазіргі таңда қоғамдағы өзекті мәселе лудомания, яғни құмар ойындарының тигізетін зардабы және оның алдын алу жөнінде уағыз-насихат айтты. Жүздесу қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.
Жиналған өскелең ұрпақ өкілдері дін қызметкерлерінің маңызды да мәнді әңгімелерін ұйып тыңдап, өздерінің алғысын білдірді. Кездесу соңында аудандық мешіттің бас имамы Дархан Сыздықов әріптестеріне шын жүректен шыққан шынайы лебізін жеткізіп, мықты денсаулық, жауапты қызметтеріне табыс тіледі.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
09.07.2024
2355
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру