ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының «QMDB Halal» сертификаты Алматы қаласындағы бірқатар кәсіпорынға табысталды.
Мекеме директоры Айбек Асқарбекұлының Алматы қаласына іссапары барысында «Rumi» рестораны, «Кәусар» дәмханасы, «Bahandi» фаст-фуд өнімдері, «Lauline» косметика өнімдері, «Амиран» кәсіпорны сертификатталды.
«Адалдықтың анық белгісі – «QMDB Halal» сертификаты сенім мен тазалықтың символы іспеттес. Күллі мұсылманның сенімі артылған халал сертификаттарыңыз құтты да, берекелі болсын! Кәсіптеріңіз өрлеп, істеріңіз дами бергей! Алдағы уақытта тұрақты аудит жұмыстарын орындап, бірлескен жұмыстарымызды жалғастырамыз деп сенемін» деді Айбек Асқарбекұлы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Халал Даму» орталығы
halaldamu.kz
28.06.2024
2205
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру