Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде мемлекеттік қорытынды емтихан өтті.
Емтихан комиссиясының құрамында болған ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл мен медресе директоры Бейбіт Әліпбекұлы, оқытушы Нұрлан Мұрат шәкірттерге сәттілік тіледі.
Айта кетейік, биыл аталған оқу орнын 10 түлек бітіреді, оның 1-і қызыл дипломға үміткер. Бітіруші түлектер бүгінде бұйрық алып қызметке орналасуда, сондай-ақ «Нұр-Мүбарак» университетінде білімін жалғастырамын деп жоспарлап отырғандары да бар.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
22.06.2024
1943
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру