Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірттері кешенді мемлекеттік емтихан тапсырды.
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы арнайы келіп, бітіруші түлектерге Бас мүфтидің сәлемін жеткізіп, сәттілік тіледі және алдағы білім жолы мен діни қызметке кірісетін шәкірттерге батасын берді.
Емтиханды комиссия төрағасы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі меңгерушісі Хасан Аманқұл және комиссия мүшелері Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, Алматы қаласы «Дінмұхаммед Қонаев» атындағы мешіттің имамы Мейіржан Рахматуллаұлы және «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұстазы Бағдат Бағаев пен Азамат Дәулетұлы қабылдады.
Кешенді емтихан Құран Кәрім, фиқһ, араб тілі пәндерінен билет бойынша сонымен қатар комиссия тарапынан қойылған қосымша сауалдарға ауызша жауап беру түрінде жүргізілді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру