Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан2024: Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қорғау орталығына көмек көрсетілді

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 17.06.2024 499 0 пікір
Құрбан2024: Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қорғау орталығына көмек көрсетілді

Бүгін ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры және «Аяла» ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қорғау орталығына құрбандық еттерін табыстады.

Дана халқымызда «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген ұлағатты тәмсіл бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасымен «Раббың үшін құрбан шал!» жобасы аясында жүріп жатқан игі шаралардың маңызы зор.

Өз кезегінде «Бақытты шаңырақ» және «Аяла» қоғамдық қорлары Құрбан айт мейрамының берекесін тілеп, Діни басқарма ұжымына алғысын білдірді.

Естеріңізге салсақ, атамыш қорларда 1100 бала бар, ал «Зекет және қайырымдылық» қорының қамқорлығында 115 ұйым бар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру