ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қоры «Раббың үшін құрбан шал!” акциясы аясында Пригородный шағын ауданындағы көп балалы, жалғыз басты аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға қасиеті мол мерекеде азық-түлік пен құрбан еттерін табыстады.
Халқымыздың көпбалалы отбасыларға, мүгедектер мен жетімдерге, қарттарға, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесу арқылы көптің алғысын алып, батасына бөленуге шақырған өнегелі тәлімі мол.
Алдымен ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы игі тілегін жолдап, құттықтау білдіріп өтті.
Сонымен қатар, Пригородный шағын ауданында мұқтаж жандарға жұма күндері “Тегін нан” акциясы ұйымдастырылып, іске қосылды.
Өз кезегінде Пригородный шағын ауданының тұрғындары Діни басқарма ұжымына жылы лебізін білдірді.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру