Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балалар алаңы ашылды

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.06.2024 1006 0 пікір
Балалар алаңы ашылды

Құрбан айттың алғашқы күні Пригородный шағын ауданында балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Бала денсаулығына пайдалы физикалық жүктемеге жағдай жасайтын мұндай ойын алаңы ауданда аз кездеседі.

Ашылу салтанатында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы қасиетті Құрбан айттың алғашқы күнімен құттықтап, балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырып, бос уақытын тиімді ұйымдастыру керек екенін тілге тиек етті. Салтанатты рәсімде ақжаулықты аналар ізгі тілектерін жеткізіп, балалар ерекше қуанышқа бөленіп, дән риза.

Айта кетейік, ойын алаңы «Зекет қайырымдылық» қорының «Армандар» жобасы аясында жасалып, көптен күткен балалардың арманы орындалып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру