Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мұқтаждарға айттық таратты

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.06.2024 1380 0 пікір
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мұқтаждарға айттық таратты

Бүгін, қасиетті Құрбан айт мерекесінің бірінші күні ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры құрбан еттерін мұқтаждарға таратуды бастады.

«Күллі мұсылманның ең ұлық мейрамы Құрбан айт құтты болсын! Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ұлық мерекенің тәрбиелік мәні мен мағынасы тереңде жатыр, осы орайда кембағал, тұрмысы төмен, мұқтаж жандарға жәрдемдесу керек деген болатын. Ендеше Алла жолына құрбандық шалынатын, садақалар берілетін, бауырмалдық артатын мейрамда отбасыларыңызға береке, дендеріңізге саулық тілеймін» - деді қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы.

Qurban2024.kz сайты бойынша бүгін 945 мұқтаж жандар өтініш берген болатын. «Раббың үшін құрбан шал!» акциясының аясында жүріп жатқан игі іс екі күн жалғасады. Ал бүгін «Zeket Hub» орталығында 300 отбасыға құрбандық еті табысталды.

Биылғы бағыт тұрмысы төмен, жалғыз басты, мүмкіндігі шектеулі, көп балалы отбасылар мен өтініш білдірген қоғамдық ұйымдар. Құрбандық еттері салынған сөмкелермен бірге азық-түлік салынған арнайы айттық пакеттері жеткізіліп, балаларға «Зекет-ай» сыйлықтары да беріледі.
Айта кетейік, былтыр Qurban2023.kz сайтына 1 842 мұқтаж жандар тапсырыс берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру