Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қажылық тақырыбында семинар өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 06.06.2024 492 0 пікір
Ақтөбе: Қажылық тақырыбында семинар өтті

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қажылық сапарына аттанатын қажыларға 2 күндік семинар өтті.

ҚМДБ Қажылық бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов қасиетті мекенде Қажылық парызын өтейтін болашақ қажыларға дәріс өткізді. Семинар барысында имам қажылыққа ниет етушілердің әрбірінің жеке басының жан-жақты дайындықтарымен қатар, құлшылықтың қасиеттілігі мен сауабы жөнінде айтып, хикметін түсіндірді.

Бес парыздың бірі болған қасиетті құлшылықтың орындалу шарттары, ихрам кию үлгісі, қажылық өтеу барысында жасалуы керек амалдар мен шариғат талаптарын толығымен түсіндіріп, қажетті дұғаларды, қажылық мәдениеті мен әдептерін, құлшылықтың атқарылу барысындағы шарттары мен тыйым салынған істерді, сондай-ақ зиярат әдептерін үйретті. Одан өзге Нұрбол Смағұлов қажылық компаниялардың ұсынатын қызметтеріне тоқталып, осынау ұлы сапардың маңыздылығын түсіндірді.

Былтыр ҚМДБ Республикалық имамдар форумында қаблданған «Қажының рухани келбеті» атты құжатпен таныстырып, алдағы уақытта аталған құжат аясында қажыға сай әдептер мен нұсқаулықтарды басшылыққа алуды ұсынды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру