Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құрбан айт-2024: Алматы мешіттерінің дайындық жиыны өтті

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 05.06.2024 2987 0 пікір
Құрбан айт-2024: Алматы мешіттерінің дайындық жиыны өтті

Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы шаһар мешіттерінің бас имамдарымен бірге мұсылман күнтізбесіндегі ұлық мерекенің бірі Құрбан айт мейрамын өткізуге арналған дайындық жиынын өткізді. 

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер биылғы Құрбан айт мерекесін атап өтуге бекітілген іс-шаралар жоспарын таныстыру, сонымен қатар ҚМДБ жоспары негізіндегі дәстүрлі «Имани жаз-2024» жазғы діни сауат ашу курсын қала мешіттерінде ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді. Жергілікті әкімдікпен келіссөз жүргізіп, санитарлық талаптарға сай құрбан шалынатын мешіттерді дайындау тапсырылды. Және де құрбан шалынатын орындардың санитарлық тазалығы мен ветеринарлық талаптарға сәйкес болуын қадағалау тағы сол сияқты құрбан айт күнгі орындалатын діни рәсімдерге мұқият қарау пысықталды. 

Сондай-ақ қаланың бас имамы Төлеби қажы Оспан «Қажының рухани келбеті» құжатын биыл қажылыққа баратын алматылық имамдар нұсқаулық ретінде қолдануына және «Мешіт имамдарының неке қию тәртібі» туралы құжатын таныстырды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру