Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Сектор меңгерушісі – Маңғыстау өңірінде

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 05.06.2024 1636 0 пікір
Сектор меңгерушісі – Маңғыстау өңірінде

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында ҚМДБ тарапынан бекітілген діни оқу-ағарту бағытының жылдық жоспарына сәйкес Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өңір имамдары және ұстаздарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды.

Жиында ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Серік қари Ахмет, облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, сектордың Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Қарыапыз Абділлахат, пенЫғылман Мұхаммед жергілікті дін қызметкерлеріне «Құран және Тәжиуд ережелерінен» дәріс оқыды.

Бұдан кейін мешіт имамдары Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа айту және тәжуид бойынша сынақ тапсырды. Сынақ алу шарасына Құран секторының меңгерушісі Серік Полатханұлы арнайы қатысып, имамдарға сынақ алудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Сондай-ақ сектор меңгерушісі орталық «Бекет ата» мешітінде маңғыстаулық қарилармен кездесу өткізді. Кездесуге облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, ҚМДБ Құран секторының Маңғыстау облысы бойынша жауапты маманы Қарыапыз Абділлахат арнайы қатысты. Жиында халықаралық Құран жарыстарына дайындалу, ең қайырлы үммет Құран үйреніп, оны басқаларға үйретушілер екенін айта келе, Құран жаттаған адамның мол сауапқа иеленетінін әрі дәрежесі жағынан үнемі өзгелерден жоғары тұратындығы жайлы айтылды.

«Алла Тағала кез келген пендесіне Құранды толық жаттап шығу нығметін нәсіп ете бермейді. Бұл – үлкен бақыт. Қари адамның мінез-құлқы да Құранға ұқсауы тиіс. Қари болу – үлкен жауапкершілік әрі көп адамға бұйыра бермейтін нығмет. Ал сіздер осынау бақытқа кенеліп отырсыздар. Алла Тағала зейіндеріңізді арттырсын. Қазір біз елімізде қарилар санын арттыру мақсатында үлкен игі жобаларды жүзеге асырып келеміз. Мақсатымыз – Құран жаттаған жандарды жігерлендіріп, олардың қатарын арттыру», – деді облыс бас имамы.

Айта кетейік, өткен жылы Ақтау қаласында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқау өткізілген болатын. Сондай-ақ Маңғыстау өңірінінен шыққан Нағманов Нағи қари, Сақи қари Республикалық Құран жарыстарынан бас жүлдені иеленген. Жуырда өткен халықаралық Құран жарысына  Маңғыстаулық Абдулғани қари қатысып, бақ сынаған болатын.

Сонымен қатар Серік Полатханұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен жүздесіп,насихат айтты. «Құран және мұсылман» тақырыбында уағыз айтқан ұстаз Серік Полатханұлы жамағатқа Құран оқудың артықшылығы жайлы, Құран оқыған адамның ішкі дүниесіне үңіліп қарасаң оның рухани тазарғанын, жүріс-тұрысының өзгергеретіндігін айтып, Құранның қасиеті жөнінде хадистерді еске салды. 

 

  

 

  

  

  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру