Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет және қайырымдылық» қоры балаларға сыйлық жасады

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры zeket.online 03.06.2024 705 0 пікір
«Зекет және қайырымдылық» қоры балаларға сыйлық жасады

1 маусым – Балаларды қорғау күні аясында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры балдырғандарға қуаныш сыйлап, мерекелік шаралар ұйымдастырды.

Алдымен Мақсатбек Мақсотұлы бастаған қор ұжымы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға қаржылай көмек көрсетіп, балаларды сыйлықтармен қуантты. Мейірімге толы мерекеде балалармен еркін әңгімелесу жүріп, «Зекет және қайырымдылық» қорының балаларға әкелген базарлығынан сыйлықтар үлестірілді.

Бұдан кейін сауықтыру ойындары ұйымдастырылып, балалар төл мерекесінде садақ атуға машықтанды. Салауатты өмір салтына баулитын спорттық ойын барысы қызықты өтіп әрі балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен сергектік сыйлады.

Сондай-ақ «Зекет және қайырымдылық» қоры  ата-ана қамқорлығынан айырылған жетімдер үйіндегі балаларға көңілді әрі мазмұнды сергіту сәтін ұйымдастырды. Балалар кинотеатрда тәттілермен қызықты мультфилм көріп, мереке күнін есте қаларлықтай тамаша өткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру