Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Салттық қызмет көрсету орталығына 2 тоңазытқыш жеткізілді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 31.05.2024 1624 0 пікір
Қарағанды: Салттық қызмет көрсету орталығына 2 тоңазытқыш жеткізілді

Қарағанды өңіріне қызметтік сапармен арнайы барған ҚМДБ «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы облысқа қарасты Саран қалалық мешітіне ат басын бұрып, аймақтағы орталықтың қызмет барысынан хабар алды.

Шараға облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы және орталықтың өңір бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы қатысты. Аймақ имамы Нұржігіт Оразалыұлы қонақтарға орталықтың қызмет барысын толықтай таныстырды.  Жаназа және жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру мақсатында қызмет етіп жатқан салттық діни рәсімдер орындалатын ғимарат барлық талаптарға сай жабдықталған.

Айта кетейік, Саран қаласының имамы Нұржігіт Оразалыұлы «Бизнестің жол картасы – 2025» Мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңа бизнес-идеялары бар жас кәсіпкерлерді дамыту мен қолдауға берілетін байқауға» қатысып, Саран қаласы әкімінің 2 000 000 теңге грантын ұтып алған. Аталған қаржыға мәйітті уақытша сақтайтын заманауи 2 дана тоңазтқыш сатып алды.

Шет елде арнайы жасалған бұл мүліктер Саран қаласына дейін Орталықтың көмегімен жеткізілді. Аталмыш тоңазытқыштарды арнайы табыстамаққа келген орталықтың директоры Мейрамбек Қабылбекұлы жаста болса бас болып жүрген қала имамының қызметіне сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, жерлеу рәсімдерін бір ізділікке түсіру, жаназа, ас беру кезіндегі дәстүр, әдеттерді жүйелеу, мәйіт көмілген соң қабірге қойылатын құлпытастың шариғат шарттары бойынша қандай болу керектігіне тоқталып, егжей-тегжейлі баяндап түсіндірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру