Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырауда жалғызбасты анаға пәтер берілді

Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі amin.kz 31.05.2024 1562 0 пікір
Атырауда жалғызбасты анаға пәтер берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 774-баспана Атырау қаласы Дамбы ауылында тұратын жалғызбасты Венера Жұбаниязованың отбасына табыстады.

Игі шараға қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев және облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, қуанышқа ортақтасты.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры еліміз бойынша баспанаға мұқтаж жандардың үй алуына жәрдемдесіп келеді. Бүгін Атырау жерінде тағдырдың сынағына төзіп, қаймықпай көтеріп өмір сүріп жатқан ананың қуанышына ортақтасып жатырмыз. Алла берекелі шаңырақ еткей. Діни басқарма қашанда қамкөңіл жандарды назардан тыс қалдырмайды» деп атап өтті Мақсатбек Қайырғалиев.

Жаңа баспанаға облыс бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы құран оқып, батасын берді. Баспана иесі жанашыр жандарға аналық тілегін жеткізді.

Айта кетейік, игі іске «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі өкілдері мен Дамбы ауылы имамдары, жанашыр жандар себепкер болды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру