Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ел үлесі – пәтерге: Көпбалалы 2 отбасыға үй берілді

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 30.05.2024 1190 0 пікір
Ел үлесі – пәтерге: Көпбалалы 2 отбасыға үй берілді

 

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылында «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша көпбалалы 2 отбасыға жаңа баспананың кілті табыс етілді.

Айтулы іс-шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, аудан бас имамы Қуаныш Досымжанұлы, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы, жанашыр азаматтар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында облыс бас имамы мен ақсақалдар алқасының төрағасы, «Жан жылуы» қайырымдылық қорының мүшелері ақ жаулықты апаларға сөз кезегі берілді. Бірінші баспана 9 бала тәрбиелеп отырған алтын медаль иегері атанған анаға берілсе, екіншісі асыраушысы жоқ 4 балалы жалғызбасты анаға сыйға тартылды. Қайырымдылық жоба ауыл тұрғындарының және ауыл жанашырларының демеушілігімен, мұрындық болуымен салынғанын тілге тиек ете кетейік.

Мұндай игілікке разы болған тұрғындар имамдарға, демеушілерге алғысын айтып, 2 шаңырақтың қуанышын бірге бөлісті. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру