Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Наиб мүфти медресенің жай-күйімен танысты

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 30.05.2024 1117 0 пікір
БҚО: Наиб мүфти медресенің жай-күйімен танысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар Батыс Қазақстан облысына сапары барысында рухани білім ордасы «Орал» медресе-колледжінің жұмысымен танысты.

Алдымен медресе-колледж директоры Талғат Искалиев Діни басқарма төрағасының орынбасары Ершат Оңғар мен облыстың бас имамы Самат Әлібаевқа білім ошағының бүгінгі жай-күйін баяндап берді. таныстырды. Бұдан кейін наиб мүфти ұлағатты ұстаздармен және діни ілім алып жатқан шәкірттермен кездесіп, сұхбаттасты. Оқу сыныптары мен шәкірттердің жатақханасын, демалатын орындарын аралап медресе ұжымының атқарып жатқан істеріне ризашылығын білдірді.

«Алдағы уақытта медресемен тығыз қарым-қатынас орната отырып, бірігіп жұмыс атқарсақ, біз алмайтын қамал болмас. Бір атаның баласындай жұмыла жүк көтерсек, асыл дініміз әлі-ақ қанатын кеңге жаяды» деді Ершат Оңғар.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру