ҚМДБ Жастар ісі секторының бастамасымен Астана қаласы өкілдігінің «Ақмешіт» мешітінің ұйымдастыруымен жас отбасыларға «Өнегелі отбасы қағидаты» тақырыбында іс-шара өтті.
Аталмыш отбасылық шараға ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Бағыжан Ерболатұлы, Астана қаласы «Кунта қажы» мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы, «Отбасы Академиясының» негізін қалаушы, отбасылық психолог Ержан Мырзабаев, сондай-ақ сектордың өкілдіктегі жауапты маманы Рақымжан Жолдас, «Aqmeshit» мешітінің жастар ісіне жауапты маманы Жақып Әбдірахманұлы қатысты.
Шара барысында өнегелі отбасы құндылықтары насихатталып, дін мен дәстүр сабақтастығы, отбасылық психологиялық тренинг өтті. Шара соңында Бас мүфти атынан сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Мұнара ТВ» телеарнасы және muftyat.kz ресми сайты, әлеуметтік желідегі парақшаларында отбасы құндылықтары насихатталып, пәтуа мамандары тарапынан өзекті сұрақтарға жауап беріліп келеді. Қосымша ақпарат үшін 8 707 233 30 30 нөміріне хабарласуға болады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру