ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жанынан Zeket Hub орталығы ашылды.
Салтанатты рәсімге қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев пен облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы, қордың облыс бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы қатысты. «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры мұндай орталықтардың мұқтаж адамдарға көмек көрсетуде маңызды екенін айтты.
Өз кезегінде облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы орталықпен таныстырып, алдағы уақытта осы орталық арқылы қайырымдылық істер жандана түсетінін тілге тиек етті. Орталықтың негізгі қызметі – әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.
Облыстық мешітте өткен салтанатты шарада Мақсатбек Мақсотұлы Қарағанды өңіріндегі жүйелі жұмыстар нәтижесімен танысып, осы қарқыннан таймауға үндеді. Сондай-ақ, алда келе жатқан Құрбан айтта атқарылуы тиіс қайырымдылық шаралары мен жүзеге асырылатын жобалар талқыланып, дайындықтары пысықталды.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру