Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ МҮШЕСІ – ӨСКЕМЕН ӨҢІРІНДЕ

muftyat.kz 25.05.2024 1441 0 пікір
РАНТ МҮШЕСІ – ӨСКЕМЕН ӨҢІРІНДЕ

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Шығыс Қазақстан облысына РАНТ жоспарына сәйкес арнайы іссапармен барды.

Алдымен Батыржан Берденұлы қала, аудан бас имамдары мен мешіт қызметкерлеріне «Уағыз айтудың әдебі» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға 40 аса дін қызметкері қатысып, соңында РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы мен ШҚО Бас имамы Ермек Қасболатұлы қатысушыларға сертификат табыстады.

Бұдан кейін Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы Сәрсен Аманжолов атындағы университетінде «Ислам діні және ұлттық дәстүр» тақырыбында студенттермен жүздесті. Оларға ұлттық ғұрпымызбен біте қайнасқан асыл дініміздің негізгі құндылықтарын түсіндіріп, көркем насихатын жеткізді. Ал кешкісін Өскемен қаласындағы «Мухамади» мешітінде жамағатпен кездесіп, құптан намазының алдында «Ислам ынтымақ пен бірлікке шақырады» тақырыбында уағыз айтты.

Сондай-ақ РАНТ мүшесі жұма күні таңғы тікелей эфирде «Алтай» арнасында қонақта болып, «Дін және дәстүр» тақырыбында сұхбат берді. Бұдан кейін Батыржан Берденұлы қасиетті жұма күні облыстық «Халифа Алтай» мешітіне жиналған жамағатқа «Қажылық – бес парыздың бірі» тақырыбында уағыз айтып, іссапарын қорытындылады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру