Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 25.05.2024 1379 0 пікір
ИМАМДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

ҚМДБ тарапынан бекітілген діни оқу-ағарту бағытының жылдық жоспарына сәйкес Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінде өңір имамдары және ұстаздарының білімі мен біліктілігін арттыруға арналған семинар ұйымдастырылды.

Танымдық шарада Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі жергілікті дін қызметкерлерге дәріс оқыды.

Кенжетай Байкемелұлы имамдардың көркем мінезді болуының қажеттілігін түсіндірсе, Хасан Ташайұлы имамдық қызметтің маңыздылығы, құлшылық үйлеріндегі дәрістердің тәртібі, сауат ашу курстарының жұмысына тоқталды.

Өз кезегінде Бауыржан Әбдуәлі пәтуа берудің маңыздылығы, әдіс-тәсілдері және жауапкершілігі жайлы кеңінен айтып берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру