«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында белгілі дінтанушы PHD, ғалым, ұстаз, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Алау Әділбаев Маңғыстау облысына арнайы іссапармен барып, өңір имамдарына «Құран мен сүннеттің үндестігі және дінде дәлел болуы» тақырыбында семинар өткізді.
Сондай-ақ ол «Қазақ халқы және ислам өркениеті» тақырыбында дәріс жүргізіп, семинар барысында дәстүрлі дініміздің мән-мағынасына тереңірек үңіле отырып, дінімізді қазақы дәстүрлерімізге ұштастырып, әдет-ғұрып пен салтымызға ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалды. Өз кезегінде имамдар мен ұстаздар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Бұдан кейін Алау Шайқымұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің жамағатымен жүздесті. Кездесу барысында дін ғалымы «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» тақырыбында уағыз-насихат айтып, ұлы ортақ құндылығымыз бола тұра мұсылманның бір-бірімен бауыр бола алмауы ақылға да, қисынға да теріс екендігін айтып бауырмашыл болуға шақырды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
23.05.2024
1425
0 пікір








+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру