Діни басқармаға қарасты «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің ұйытқы болуымен өңірдің киелі орындарына «Шымкент» медресе-колледжі студенттеріне арналған саяхат ұйымдастырылды.
Арнайы саяхатқа Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембайдың қолдауымен бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің өкілі Самат Анарбаев, «Салт-дәстүр» орталығының жұмысын үйлестіруші ұстаз Райхан Жұмәділлева және колледж ұстаздары мен шәкірттері, «Әжелер» мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова бастаған әжелер қатысты.
Ұйымдастырылған саяхат барысында Отырар ауданында орналасқан «Отырар» жалажұрты мен өлкетану мұражайына, «Арыстан баб» кесенесі мен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне зиярат етілді. Мұнымен қатар, медресе шәкірттері мен «Әжелер» мектебінің арнайы оқыған Хатым Құранды бабалар рухына бағышталды.
Жалпы, зиярат ету барысында шәкірттерге дін мен дәстүр, тарих, зиярат және зиярат ету мәдениеті сынды көптеген ақпараттар алып, ерекше әсермен оралды.




















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
23.05.2024
2442
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру