Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни сауат ашу курсының шәкірттеріне сертификат табысталды

Республикалық бас мешіттің баспасөз қызметі 22.05.2024 1317 0 пікір
Діни сауат ашу курсының шәкірттеріне сертификат табысталды

Елордада ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешітте Діни сауат ашу курстарында білім алған әйел шәкірттерге қорытынды марапаттау шарасы өтті.

Алдымен курстың бастауыш және жалғастырушы топтарында алған білімдерін тексеру тесттері өткізілді. Кейін шараның салтанатты бөлігінде Бас мешіт имамы Қанат Қоянбекұлы, наиб имам Әділхан Әліханұлы, ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы білім алу, оған амал ету, Құран тақырыптарында насихаттарын айтып, курсты бітіруші шәкірттерге тағы бір белесті бағындырған ықылас-талаптарына ризашылығын білдіріп, құттықтады.

Соңынан Қанат Қоянбекұлы бастаған ұстаздар шәкірттерге курс сертификаттарын табыстады. Жалпы Бас мешітте жыл басынан бері білім алып келе жатқан ұзын ырғасы 531 шәкірт сертификатқа ие болды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру