Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған ҚМДБ «Qamqor-Sharapat» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы зираттарды цифрландыру бағытының негізгі жұмыстарын бастады.
Алдымен Павлодар қаласындағы ең ескі, әрі ең үлкен Мойылды зиратында болып, әруақтарға Құран бағыштап, елімізге, Отанымызға жақсылық, тыныштық тілеп, бата жасалды.
Бұдан кейін зират басын цифрландыру платформасын жүктеп, 63 гектар қорымды цифрландыруды қалалық мешіттердің Еріктілер тобы қолға алды. Осы жолы Павлодар қаласына қарасты барлық зираттар және Ақсу қаласына тиісті орындар да цифраландыру жүйесіне өтеді. Келесі жылдан бастап барлық ауыл, аудандағы зираттар бұл жүйемен қамтылмақ.
ҚМДБ «Qamqor-Sharapaт» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы және «Sharapat-Digital» ЖШС директоры Еркін Мұратұлы және аудан имамдары, еріктілер тобымен кездесіп, қамқор-шарапат бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мағлұматтар айтылды. Сонымен қатар «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты талдап таныстырылды. Мемлекеттің тапсырмасы бойынша жергілікті елді мекендер жанындағы қабірстандарды цифраландыру жұмысы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді.
Келесі кезекте Мейрамбек Қабылбекұлы «Ертіс» арнасы «1-студия» бағдарламасы арқылы сұқбат беріп, қамқор шарапаттың жұмысы туралы Павлодар халқына кеңінен әңгімелеп берді.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
mazhab.kz
22.05.2024
1436
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру