Алматы өкілдігінің жылдық жоспары негізінде Наурызбай ауданының Қалқаман мешітінде «Дәстүрлі Ислам және рухани тұрақтылық» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шарада РАНТ мүшесі, Орталық мешіттің наиб имамы Қуаныш Әбішев баяндама жасады. Наурызбай ауданына қарасты жеті мешіттің қызметкерлеріне «Дәстүрлі Ислам» ұғымы жайлы ойымен бөлісті. Сондай-ақ жуырда «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен. Қазақстандағы мұсылмандық мектеп» кітабында осы тақырып аясында кеңінен қарастырылған мәселелерді бөлісті.
Сонымен қатар, Наурызбай ауданының бас имамы Нұрбол Тағаев дін мен дәстүрдің сабақтастығы хақында сөз сөйледі. Мәжілістің соңында имамдар көтерілген тақырып төңірегінде пікір алмасты.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру