Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде аймақ мешіттерінің шәкірттері арасында «Өмірі үмметіне өнеге» атты сира сайысы өтті.
Адамзаттың асылы – Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір тарихына арналған интеллектуалды білім бәйгесінде облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы насихат айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Алматы қалалық «Нұр-Мүбарак» мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы жарысқа қазылық етті.
30 үміткердің арасынан оқ бойы оза шапқан Абылайхан Мұхаметқали, Алмат Кенжеқараев, Тимур Мұстафин жүлдегер атанып, қаржылай сыйлықтармен және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қысқаша өмірбаяны жазылған кескіндемемен марапатталды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
15.05.2024
1648
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру