Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінде 600 әйел шәкірт Құран курсын аяқтады

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 15.05.2024 750 0 пікір
«Әзірет Сұлтан» мешітінде 600 әйел шәкірт Құран курсын аяқтады

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде бір жыл бойы Құраннан дәріс алып келген 600 әйел шәкірт курсты аяқтады.

Осыған орай құлшылық ордасында «Имани түлек» айдарымен шәкірттерді марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, Астана қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Элмира Серікбайқызы, «Әжелер мектебі» клубының жетекшісі Күлсара Бекет және мешіт ұстаздары мен шәкірттер қатысты.

Әуелі «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Омар Салимбеков Құран аяттарын оқып, сонымен игі шараның шымылдығы ашылды. Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы нәзік жанды шәкірттерді құттықтап, алдағы білім сапарында сәттілік тіледі. Артынша сертификат табыстау рәсімі өтіп, мешіт ұстаздары шәкірттерге Құран Кәрім кітабын сыйға тартты. Сондай-ақ білім алуда танытқан ыждаһаттылығы үшін алғыстарын айтып, ақ батасын берді. Кеш соңынан барлық шәкірттер мен ұстаздар қауымы естелікке фотосуретке түсті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру