Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешіті және ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты қызметкерлері өткен сәуір айында да уақытпен санаспай жұмыс істеді.
Мәселен, өңір бойынша 51 іс-шара өткізіліп, 2 335 отбасына көмек берілді. Осы мақсатқа 33 646 996 теңге жұмсалды. Баршаға мәлім, аталған айда өңірде бірқатар елдімекендердегі тұрғындар күтпеген табиғат апатынан зиян шекті.
Облыстық мешіттің наиб имамы, қордың жауапты өкілі Бақытжан Икрамның айтуына қарағанда, негізінен қайырымдылық көмектер су тасқынынан зардап шеккендер мен өзге де әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұяларға көрсетілді.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
03.05.2024
1027
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру