Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Абай: Орталық мешітте «MUFTIYAT» баспасы кітаптарының танытымы өтті

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 26.04.2024 432 0 пікір
Абай: Орталық мешітте «MUFTIYAT» баспасы кітаптарының танытымы өтті

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының бастамасымен жұма намазына жиналған жамағатқа «MUFTIYAT» баспасы өнімдерінің арнайы танытымы өтті.

«MUFTIYAT» баспасы өз жұмысын 2019 жылдың төртінші тоқсанынан бастаған еді. Содан бері баспадан еліміздің рухани өмірі мен қоғамда қордаланған бірқатар түйткілді мәселелердің шешімі үшін қажетті көптеген кітаптар жарық көріп үлгерді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша баспадан жалпы саны 144 мың дана кітап басылып шыққан екен.

Жуырда Абай Құнанбайұлы атындағы облыстық орталық мешітке демеуші дін жанашырларының қолдауымен «Мешітке кітап сыйла» акциясы бойынша 1,5 млн теңгеге 1500 дана кітап сатып алынған еді. Аталмыш кітаптар Абай облысындағы барлық мешіттерге және медресе кітапханасына сыйға берілді.

Сонымен қатар, Жұма намазына келген жамағатқа да бірнеше кітап арнайы таныстырылып, келушілердің барлық кітапты жеке көріп шығуына мүмкіндік жасалды. Ал Діни басқарманың төл баспасынан жарық көрген туындыларды көпшілікке ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, жуырда ғана оқырманға жол тартқан «QALYP» кітабының авторы Думан Нәдірұлы таныстырды. Алдағы уақытта қалаған адам аталмыш еңбектерді «MUFTIYAT» баспасының арнаулы дүкенінен тікелей сатып алуына болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру