Қасиетті жұма күні Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешітіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңадан бас имам тағайындалды.
Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Бас мүфтидің бұйрығын оқып, Мұхаммедисмаил Шадманды жамағатқа таныстырды. Облыс бас имамы жаңадан тағайындалған имамға сәттілік тілеп, діни ахуалдың тұрақтылығына, нәтижелі еңбек ететіндігіне сенім білдірді.
Сондай-ақ жаңа имамды аудан әкімі арнайы қабылдап, қызметімен құттықтады. Аудандағы діни ахуал мен кадрлардың мәселесі жайында екі жақты пікір алмасты. Бұдан кейін Мұхаммедисмаил Мұхаммедибраһимұлы аудан орталығындағы мешіттерді аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
26.04.2024
1466
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру