Қарқаралы ауданына арнайы іссапармен барған Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы өңірде салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.
Аудан имамы Митератбек Орынбекұлы іргесі көтеріліп, құрылысы аяқталуға жақын қалған құлшылық үйін жан-жақты аралатып, құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырды.
Бой көтеріп жатқан жаңа құлшылық үйімен таныс болған облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы мешітті жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс жұмысы барысында қауіпсіздік шараларына баса назар аудару қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ, мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.
Айта кетсек, құлшылық үйінде бір мезетте 400 адам намаз оқи алады. Мешітте ерлер және әйелдер намаз залынан бөлек, имамдар бөлмесі мен Құран оқу бөлмесі қамтылған. Мешіт құрылысынан бөлек ғимаратының жанынан арнайы имамға арналған пәтер, дәретхана құрылысы және асхана бой көтермек.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
22.04.2024
1313
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру