Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАРАҒАНДЫДАН ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 22.04.2024 399 0 пікір
ҚАРАҒАНДЫДАН ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Қиындықта ел бірге» бастамасымен Қарағанды облысының халқы Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 18 газель және 1 фура жүк көлігіне артылған 80 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберді.

Көршілес өңірге гуманитарлық көмекті жинауға Қарағанды облысының жанашыр халқы, өңір тұрғындары, кәсіпкерлері, еріктілері, аймақ жамағаты және т.б қол ұшын созды.

Шараға Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, қайырымдылық асарын жүзеге асыруға демеуші болған барша облыс тұрғындары мен жамағатқа алғысын білдіріп, игі іс жолында сапарға шыққан жолаушыларға сәттілік тілеп, батасын берді.

Айта кетейік, Қарағанды қаласының жүк көліктерінің иелері шарапатты іске өзіндік үлестерін қосып, тегін қызмет көрсетті. 80 тоннаға жуық жиналған гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, жылы киімдер, көрпе, ыдыс-аяқ, күрек, қап, резеңкелі етіктер және басқа да қажетті құрал-жабдықтар жинақталған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру