Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«ИНАБАТ» КЛУБЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ МҰҚТАЖ АНАҒА ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ

Астана қаласы өкілдігі muslim.kz 21.04.2024 534 0 пікір
«ИНАБАТ» КЛУБЫ ЖАЛҒЫЗБАСТЫ МҰҚТАЖ АНАҒА ТОСЫНСЫЙ ЖАСАДЫ

ҚМДБ Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіповтың басшылығымен мүгедек баласын асырап отырған жалғызбасты анаға электр пеші тарту етілді.

«Әзірет Сұлтан» мешіті жанындағы «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен аталмыш қайырлы іс «Балық берме, қармақ бер» тәмсілі негізінде жүзеге асып отыр. Атап айтсақ, жақын маңдағы дүкендерге нан пісіріп сатып, 6 жасар баласын асырап отырған анаға бұзылып, жұмысқа жарамсыз болып қалған ескі пешінің орнына су жаңа пеш сыйға берілді.

Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы көмекке мұқтаж әпкеміздің қазіргі қал-жағдайымен танысып, рухани демеу беріп қайтты. Сондай-ақ, төсекке таңылған бүлдіршінге Алладан шипа тілеп, арнайы дұға жасады. Қуанышы ішіне сыймаған әпкеміз көз жасына ерік беріп, қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы мен әйелдер жамағатына өз алғысы мен ризашылығын білдірді. 

Айта кетерлігі, 2018 жылы негізі қаланған «Әзірет Сұлтан» мешіті жанындағы «Инабат» қыз-келіншектер клубы ай сайын қайырымдылық шараларымен айналысып, әйелдер жамағатының басын біріктіріп, игі істерге баулып келеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру