Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысының мешіттері «Қайырымдылық керуеніне» үн қосты

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 12.04.2024 649 0 пікір
Алматы облысының мешіттері «Қайырымдылық керуеніне» үн қосты

Осы күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету мақсатында «Қайырымдылық керуені» жүзеге асып жатыр.

ҚМДБ бастамашы болған игі істе Алматы облысы өкілдігіне қарасты дін қызметкерлері мен жамағаты белсенділік танытуда.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының тапсырмасы аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Ринат Маратұлы су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан өңіріне мешіт жамағатының қолдауымен жиналған 1 вагон гуманитарлық көмекті жеткізді.

Аталмыш жылуды ҚМДБ Батыс Қазақстан облысы өкілдігінің дін қызметкерлері мен Жастар ісі секторы қуанышпен қарсы алып, жедел арада уақытша сақтау қоймасына орналастырды. Алдағы уақытта бұл көмек жергілікті тұрғындарға үлестірілетін болады.

Осы қайырымдылыққа қолдау көрсеткен Алматы облысының әкімдігіне, «Қазақстан теміржолы» компаниясына, қол ұшын созып, демеушілік білдірген барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін.

Алла Тағала табиғи апаттан келген сынақты сабырмен жеңіп, қиындықта қалған бауырларымыздың үйлеріне аман-есен оралуын нәсіп еткей. Әмин!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру