Қасиетті Рамазан айының құрметіне Алматы облысының Балқаш аудандық орталық «Оспанқожа ата» мешіті жергілікті «Бақанас» мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін қуанышқа бөледі.
Өскелең ұрпаққа қасиетті Рамазан айының рухын сезіндіру, оларды имандылыққа баулу мақсатында жүзеге асқан шара барысында аудан бас имамы Нұрдәулет Тоқанұлы бастаған жергілікті дін қызметкерлері 100 балаға түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәттісі» қорапшаларын үлестірді.
Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
hilal.kz
09.04.2024
1643
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру