Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ел үлесі – пәтерге: Семейлік имамға баспана кілті табысталды

Абай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі alashdin.kz 04.04.2024 433 0 пікір
Ел үлесі – пәтерге: Семейлік имамға баспана кілті табысталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлының ұйытқы болуымен тәжірибелі дін қызметкері баспаналы болды.

Атап айтқанда, 10 жылдан астам дінге қызмет етіп, «Тыныбай» мешітінде наиб имам қызметінде болған, жақында ғана Семей қаласында жаңадан ашылған «Әли» мешітіне бас имам болып тағайындалған Ахметжан Рахманұлына жаңа үйдің кілті табысталды.

Жалпы «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша соңғы жылдарда Абай облысы бойынша бірнеше мұқтаж отбасыға, сондай-ақ 5 мешіт қызметкеріне баспана берілді. Бұл жолғы баспана жалпы еліміз бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры тарапынан берілген 740-баспана болды. Алдағы уақытта да бұл жоба өңірде өз жұмысын жалғастыра бермек.

Сауапты іске демеушілік жасаған жанашыр азаматтарымыз бен Семей қалалық мешіт имамдарына Алла разы болсын деп тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру