Жамбыл облысы Байзақ ауданы Аймантөбе ауылдық «Аймантөбе» мешітінің азаншысы Самат Ниязбекұлына «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында шарапаты мол Рамазан айының құрметіне «30 күнге 30 баспана» акциясына орай 739-баспана табысталды.
Айтулы қуанышты шараға Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, «Аймантөбе» мешітінің имамы Кенжехан Өксіпбайұлы және Диқан ауылдық округінің әкімі Жұман Әуесбекұлы қатысып ақ жарма тілектерін айтты.
Сондай-ақ «Аймантөбе» мешітінің жамағатының атынан қызметтік баспанаға кілем сыйға тарту етілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
03.04.2024
1202
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру