Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Имамдар су тасқыны аймағына көмек қолын созды

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 03.04.2024 566 0 пікір
БҚО: Имамдар су тасқыны аймағына көмек қолын созды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен БҚО бас имамы Самат Әлібаев пен «Зеке және қайырымдылық» қорының жергілікті өкілі Наурыз Убаев су тасқынынан зардап шеккен ауылдарға арнайы барып, көмек қолын созды.

Мәселен имамдардың ұйытқы болуымен Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин елді мекенінде болған су апаты салдарынан зардап шеккен аймаққа асар ұйымдастырылды. Бір атаның балаларындай біріккен облыс, қала мешіттерінің имамдары мен медресе шәкірттері, мешіт жамағаттары қазақтың асар дәстүрімен көмекке шықты.

Одан бөлек Теректі ауданы, Подстепный ауылындағы су тасқынына да көмектерін берді. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция, әкімшілік және ТЖД қызметкерлерімен қатар облыстық «Ар-Рахман» орталық мешіті бастаған Теректі ауданы, Подстепный ауылындағы мешітінің бас имамы Ерлан Кенжин ыстық палау, азық-түліктер мен киім-кешек пен тұрмысқа қажетті заттарды әкелді.

Теректі ауданына қарасты Подстепный елді мекенінде болған су апаты салдарынан зардап шеккен аймаққа көмек беру әлі де жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру