Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талғар ауданында жаңа мешіт ашылды

Алматы облысы өкілдігінің баспасөз қызметі hilal.kz 01.04.2024 347 0 пікір
Талғар ауданында жаңа мешіт ашылды

Алматы облысына қарасты Талғар ауданы Тұздыбастау ауылында жаңа мешіт ашылды. «Қоңқабайұлы Жусы» мешітінің ашылу салтанатына Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы қатысты.

Алматы облысының бас имамы Тұздыбастау ауылының тұрғындарын мерейлі сәтпен құттықтап, құлшылық үйінің құрылысына демеуші болған азаматтарға алғысын білдірді.

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жаңа құлшылық үйінің имамы болып ЖайлаубайМеңіспаев тағайындалды. Мадия Тағайбайұлы құлшылық ордасының ашылуына жиналған көпшілікпен бесін намазын оқып, еліміздің және жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.

Сондай-ақ құлшылық үйінің ашылу құрметіне «Қоңқабайұлы Жусы» мешітін салдырған азаматтардың қолдауымен «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірдегі жауапты өкілі Ринат Маратұлы 100 адамға жайнамаз, зәм-зәм суы және құрма салынған кәдесыйларды үлестіріп берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру