Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына сәйкес, Жетісу облысында «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы аясында 100 отбасыға азық-түлік себеті таратылды.
Игі шарада облыстың бас имамы Керімбек Сәрсембайұлы сөз бастап, жиылған көпшілікті қасиетті аймен құттықтап, артықшылығына тоқталды.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында қасиетті айдың құрметіне және «Зекет және қайырымдылық» қорының жұмысын жандандыру мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында мүгедектігі бар жандарға, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы отбасыларға азық-түлік қоржындары табысталды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жетісу облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
taglym.kz
29.03.2024
1060
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру